mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Шайбалы хоккей: «Барыс» ЦСКА-ны ұтты

Құрлықаралық хоккей лигасының кезекті ойынында Елорданың «Барыс» командасы мәскеулік ЦСКА командасымен кездесіп, азулы қарсыластарынан 5-3 есебімен басым түсті. Қонақтар алғашы минуттан-ақ белсенділік танытып, 5-і минутта есеп ашып үлгергенмен, елордалықтар намысты қолдан бермеді.

Тартысты өткен ойын барысында қарсыластарының қақпасына 5 шайба салып, өз қақпасына 3 шайба жіберген барыстықтар бабында екендіктерін кезекті рет дәлелдеді. Осылайша, өз алаңындағы барлық кездесулерді жеңіспен аяқтаған елордалықтар халықаралық хоккей ойынындағы үзіліске байланысты демалысқа шықты. Ерекше айта кетерлігі, «Барыс Арена» стадионында өткен кездесуді тамашалауға келген көрерменнің қарасы мол болды. Нақты айтқанда, «Барыс» командасы 10086 адамды жинау арқылы маусымдық рекорд орнатты.

(5)