mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Мына керемет кеңестер дәл сіз үшін

Жаңа нәрсеге қол жеткізгің келсе, пайдасыз ескі нәрселерден құтыл.
Біреудің қайғысының үстінен бақыт құру мүмкін емес.
Ақылсыз адам қайғысын тілінің кесірінен жиып алады.
Қайғыға тап болсаңыз, пайдасыз балағаттаудың орнына одан шығудың жолын іздеңіз.
Отбасындағы ер мен әйел тең дәрежеде қарым-қатынаста болуы керек.
Өмірде махаббатқа бөленудің бір ғана жолы бар, оны ешкімнен талап етпей, махаббатты айналаға өзің төгу.
Кез келген адамды ұрып-жығу оңай. Бірақ рухы мықты адамды есеңгірету мүмкін емес.
Бақыт тапқыңыз келсе, өзгелердің сізді мойындауы туралы ойламаңыз.
Адамның көзін құрту үшін көп нәрсе керек емес, оның айналысып жүрген ісін көзге ілмей қойсаң болғаны.
Қателікті көзге шұқығанша, түзеуге тырысайық.
Ой — барлығының да бастамасы. Ой арқылы бәрін басқаруға болады. Сондықтан да ең бастысы оймен жұмыс жасауды жетілдіру қажет.
Мүмкін сен бұл әлемде бар болғаны жәй адам шығарсың, бірақ біреулер үшін сен бар әлемге саналасың.
Өмір, бұл — сенің не істеп жүргенін және қандай жоспар құрғаның.
Өміріңді жақсартудың тек екі тәсілі бар. Бірінші тәсіл — өзінен-өзі ешқандай да керемет болмайды деп өмір сүру. Екінші тәсіл — бар әлем тек таңғажайыптан тұрады деп өмір сүру».

(21)