mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Жалғыз шапқан ат жүйрік

Бірде Әбділдә Тәжібаевпен әңгімелесіп отырған жас ақындардың бірі:
— Әбеке, сіз бізге мынаны айтыңызшы: осы әлгі бәленше деген белгілі ақынымыз өзінен басқа жазушылардың бәрін жан демейді. Тіпті классиктердің өзіне шәк келтіре қарайды. Неге бұлай? — деп сұрайды.
Әбділдә жымиып күліпті де:
— «Жалғыз шапқан ат жүйрік» демей ме қазақ? Ол ақын өз өлеңдерінен басқа ешкімнің шығармасын өмірі оқымайды. Сондықтан да ол өзінен асқан жүйрік бар деп білмейді, — деген екен.

(28)