mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қазақшаға судай Эбби елді сүйсінтті

Желіде америкалық қыздың емін-еркін қазақ тілінде әңгіме айтып отырған бейнетаспасы тарады. Онда Эбби Хомер өзін қазақ тілінде таныстырып, есімін қазақшалап Әби дейді. Өзінің айтуынша Эбби біздің елімізде екі рет болған. Қазір қазақ тілі бойынша курста оқып жүрген көрінеді. Ол Қазақстанды өте жақсы көретінін айта келе, таяуда қазақстандықтарға арналған ағылшын тіліндегі семинарға қатысатынын да қуана жеткізген. «Басқа адамдардың алдында шетел тілінде сөйлеу үшін батылдық керек. Ағылшынша әңгіме айтатын қазақстандықтарды құрметтеймін. Сондықтан қазір мен де қазақша әңгіме айтып отырмын», — деген қыз әрі қарай өзі туралы қазақтың бай тілінде суреттеп айтып береді. Эббидің видеосын көрген желі қолданушылары бүгіндері оған ризашылықтарын білдіріп: «Жарайсыз, Эбби!», «Қазақшаңыз өте жақсы екен!», «Елімізде тұратын өзге ұлттардан жақсы сөйлейді екенсіз!»,— деп, шын жүректен өз сүйіспеншіліктері мен ақ тілектерін білдіріп жатыр.

 

(22)