mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қ.Бозымбаев топ-менеджерлерді қызметтен босатты

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компанияның қайта өңдеу және маркетинг» директорлар кеңесінің шешімімен Павлодар мұнай өңдеу зауытының (ПМХЗ) бас директоры Данбай Шухрат қызметінен босатылған көрінді. «ПМХЗ» бас директорының міндетін атқару Әлсейітов Оспанбек Балтабайұлының мойнына жүктелсе керек. Еске салсақ, «Қазмұнайгаз» топ-менеджері Данияр Тиесов пен зауыт басшысы Шухрат Данбайдың уәдесіне әбден тойған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев оларды тиісті жұмыс атқарылмаса, қызметтерінен қуатынын мәлімдеп: «Зауытта жаңғыртуды аяқтаудың белгіленген мерзімдері сақталмаған жағдайда, «Қазмұнайгаз» топ-менеджерлерін атқаратын қызметтерінен босату туралы ұсыныс енгіземін», — деген болатын. Өзі де Елбасынан қатаң ескерту алған министр ақыры «уәдесінде» тұрып, әлгі шенеуніктерді қызметтен аластап тынды. Тек бұл: «Таз ашуын тырнадан алады», — деуге көбірек келетіндей.

(11)