Алматыда кәсіби-техникалық колледждер қатысуымен конференция болды

Бүгін, 10 қарашада Алматы теміржол көлігі колледжі және Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты бірлесе отырып «Білім беруді жаңғырту жағдайында оқу үрдісінде инновациялық оқыту технологияларын қолдану» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Оған Алматы қаласы мен еліміздің 4 аймағынан 25 мемлекеттік және жеке-меншік колледждерінен 50-ден астам жалпы білім беру және арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Конференцияның басты мақсаты білім беруді жаңғырту жағдайында және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында КжТБ саласындағы білім мекемелерінің арасындағы ғылыми жетістіктерді, тәжірибе алмасу және ынтымақтастық пен серіктестікті нығайту, талантты оқытушылардың білімі арқылы білім алушылардың шығармашылық, интеллектуалдық даму мен ғылыми-техникалық жетістіктерін паш ету болды.

Конференцияда Алматы қаласы Колледждер Қауымдастығы Президентінің орынбасары Хисматуллина Альфия Ануарқызы, «Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі Сүлейменова Гүлнар Жәлелқызы, Алматы электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Садырқұлов Рамазан Болатбекұлы, сонымен қатар Қарағанды қаласы Жоғарғы политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушылары (Тілеубаева Т. Е. Және Никомбаев А. Д.), Қазалы Көлік-техникалық жоғарғы колледжінің арнайы пән оқытушысы (Ахметова А. Б.), Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пәндер оқытушылары (Тұрмағамбетова Б. Н. және Мұхамбеталиева К. Н.) қатысты.

Конференцияның барлық қатысушыларының баяндамалары мазмұны жағынан жан-жақты зерттелген және оқу үрдісіне инновациялық оқыту технологияларын қолдану атты конференция тақырыбына сай болғандықтан, ерекше атап өткен жөн. Әсіресе, ОАТЭК, МАБ, Қарағанды Жоғарғы политехниалық  колледжінің, Қазалы көлік-техникалық жоғарғы колледжінің, КАУ жанындағы Байланыс колледжінің және басқа да оқытушылардың баяндамалары кәсібилер арасында қызығушылыққа ие болды.Сондай-ақ Алматы теміржол көлігі колледжінің «akzht tech_lab» зертханасының жетекшісі Құрманбаев Тимур Бексұлтанұлының студенттері сандық технологияларды пайдалана отырып электроника, бағдарламалау және робототехника негіздеріне тәжірибелік баулу жөніндегі баяндамасын жасады.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға конференция материалдарының жинағы мен сертификаттары берілді.

(9)