mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Әкімдердің құзіреті кеңеюі мүмкін

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қорытындысын әзірлеу жөнінде мәселесі қаралды. Депутаттарға аталған заң жобасының маңызын түсіндірген Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров: «Заң жобасы ішкі істер органдарының жүйесін жетілдіруге, құқық бұзушылықтар профилактикасы мен тұрмыстық және рецидивистік қылмысқа қарсы іс қимылды қамтамасыз етумен байланысты шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Аталмыш заң жобасындағы негізгі ережелер: бірінші, жаңадан құрылған бөліністі полиция департаменттері деп қайта атай отырып, ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметін біріктіру. Екінші, Ішкі істер министрлігіне бағыныштылық пен полиция департаменттерін ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінде сақтау, яғни заң жобасы әкімдерге жаңа құзыреттілік беруді көздейді. Үшінші, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың әкімдеріне құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар басшылығын президенттік резервте тұрған полиция қызметкерлердің қатарынан ішкі істер департаменттерінің ұсынымы бойынша полиция департаменттері бастықтарын тағайындау құқығын беру. Аталған заң жобасында әкімдер полиция қызметінің алдына жаңа міндеттерді қоя алады. Төртінші, әкімдерге полиция департаменттері алдында бүгінгі күні жергілікті полиция қызметінің құзіретіне жататын міндеттерді қою құқығын беру жолы мен полиция жүйесін жаңғырту. Жобада 2 кодекс және 5 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға дайын»,— деп түйіндеді сөзін. Депутаттар бұл заң жобасының қаулысын қолдап дауыс берді. Енді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті аталған заң жобасы бойынша жұмыс істейді.

(9)