mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Мәжіліс «Жер қойнауын пайдалану туралы» заңды мақұлдады

ҚР Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заң жобасын таныстырды. Аталған заң жобасын депуттар бірінші оқылымда мақұлдады. Министрдің айтуынша: «Заң жобасында жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығын және болжамдылығын арттыру көзделген. Сонымен қатар ең үздік әлемдік тәжірибені пайдалана отырып, барлық пайдалы қазба үшін келісімшарт жасауда оңтайландырылған тәсіл енгізіледі. Бұл құжат салалық қауымдастық пен бизнес өкілдерінің қатысуымен әзірленген. Кодекс жобасы жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысында кездесетін кедергілерді жойып, саланың құқықтық базасын жетілдіруге, халықаралық стандарттарға өтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, заң жобасы инвестициялық климатты жақсартып, салаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға бағытталған. Бұл реформа әлемде болып жатқан дағдарыс пен оның салдарынан арылу үшін инвестор тартуға байланысты бәсекелестіктің артуынан туындап отыр. Ұзақ мерзімді шикізат тасымалының тұрақтылығы, жүрігізілетін саясат пен саладағы ашықтық және рәсімдердің жеңілдігі — басты талап. Кодекс жобасын әзірлеу барысында австралиялық заң моделін үлгі ретінде алдық. Мұндай шешім бір жарым жылдық зерттеу жұмыстары мен Дүниежүзілік банк ұсынысы нәтижесінде қабылданды. Әлем бойынша Австралияның тәжірибесі үздік деп саналады. Бұл — инвесторлардың да берген бағасы. Аталған заң жобасы елімізде геологиялық барлауды сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Маккэнзидегі кеңесшілер есебінің тұжырымына сүйенсек, олардың деректері бойынша Қазақстанда жаппай геологиялық барлау тетігі іске қосылса, елімізде әлемдік деңгейдегі кем дегенде 15 кен орнын, әрі тау-кен рудасы аймақтарын ашуға мүмкіндік бар. Ең маңыздысы Қазақстанда геологиялық барлау сапалы, әрі тыңғылықты жүргізіледі. Мысалы, Қазақстанда 1 шаршы шақырым есебінен барлауға 7 АҚШ доллары жұмсалады, Австралияда — 167 доллар, АҚШ-та — 87, Канадада — 203 доллар қаржы кетеді»,— деген ақпарды алға тартты.

(4)