mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Интернетте сауда жасасаң, салықтан босатыласың

ҚР Парламенті Сенатында депутаттарға жаңа салық кодексін таныстырған ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Руслан Дәленов: «Бизнес барлық түсініксіз жағдайларды салық салушылардың пайдасына шешпеу қажеттігін алға тартады. Кемшіліктер болады. Біз адал бизнесмендерді қорғаймыз деп нені айтқымыз келеді? Біріншіден, енді заңдағы анық емес тұстар салық төлеушінің пайдасына шешіледі. Аталған принцип салықтық дауларды әділетті шешуге мүмкіндік береді. Жаңа кодексте электронды сауданы дамытуға серпін беретін өзгерістер енгізілген. Ол бойынша, ендігі жерде елімізде тек қана электронды саудамен айналысатындар екі салықтан босатылады. Ол – корпоративтік және жеке табыс салығы. Заңда аталған түзету бар. Ол 5 жыл бойы жұмыс істейді. Бұл елімізде электронды сауданы жандандырып, оны заңдастырады. Қазіргі таңда жеке тұлғалар, өздерін жұмыспен қамтып отырған азаматтар арасындағы сауда Интернет, Whatsapp, Instagram желілері арқылы жүреді»,— деген дәйектерді келтірді.

(9)