mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елде заңға қайшы 2,5 мың сайт анықталды

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Қазақстанда биылғы жылы заңға қайшы келетін 2,5 мың интернет-ресурс анықталған деген дерек келтіріп отыр. Ведомстваның ақпаратына сәйкес, 2017 жылы министрлік мамандары ғаламтордағы 5527 ақпарат ресурсына зерттеу жүргізіп, олардың ішінде 2487-інде заңсыз материалдардың бар екендігі анықталған. Заң бұзушылықтар анықталған сайттар бойынша жасалған сараптамалық қорытындылар аталған сайттарды бұғаттау және тиісті техникалық шараларды қабылдау үшін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне жіберілген. Ведомство тарапынан 2017 жылы 3495 материал діни сараптамадан өтіп, оның ішінде 179 нысанның заң бұзушылық бағыттағы қызметі анықталған. Діни сараптама жүргізудің негізгі міндеті — Конституция нормалары мен Қазақстан Республикасының заңнамасына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына теріс әсер ететін заң бұзушылықтарды анықтап, оларға сараптама жүргізу. Ел заңнамасына қайшы келетін материалдар анықталған жағдайда діни сараптама жүргізу ережелеріне сәйкес, оны республика аумағында пайдалануға және таратуға рұқсат етілмейді. Қазіргі уақытта діни қызметті реттейтін заңнамаға түзетулер енгізу жөніндегі құжаттар әзірленді. Оның негізінде 9 Заңға және 2 Кодекске жалпы саны 52 түзетулер енгізу қарастырылып отыр. Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, аталған Заң жобасында ата-аналар немесе кәмелетке толмағандардың басқа да заңды өкілдерінің тәлім-тәрбие беру мақсатында пайдаланатын әдебиеттер мен материалдарын, сондай-ақ, діни білім беру ұйымдарында ресми түрде оқитын балаларға таратылатын әдебиет пен материалдарды қоспағанда, 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы ақпараттық материалдарды таратуға тыйым салынатын норма ұсынылған.

(5)