mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елбасының Қостанай облысына іссапарымен барды

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев іссапармен Қостанай облысына келді. Елбасы ең алдымен «Әуежай» шағын ауданындағы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған көпқабатты үйлердің құрылысымен танысты және оған «Нұрлы жер» бағдарламасының Қостанай облысында іске асырылу барысы баяндалды. Шағын аудан аумағында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары да салынуда, соның қатарында 900 орындық жалпы білім беретін мектеп, сондай-ақ мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясында спорт және ойын-сауық кешенінің құрылысы бой көтеруде. Жаңа шағын ауданның көлемі – 31,7 гектар. 2014-2017 жылдарда жалпы көлемі 80542 шаршы метрді құрайтын 16 үй пайдалануға берілген. Бүгінде тағы 12 үй салынып жатыр. Бұдан әрі Президент «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-да болды. Мемлекет басшысының сапары аясында China National Vechine Import and Export company, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС арасында үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Қостанай облысы – солтүстіктегі ірі облыстардың бірі. Облыста жүзеге асып жатқан инвестициялық жобаларға менің көңілім толып отыр. Оның сыртында отандық машина жасау саласында Қытай инвестициясының келуі дұрыс болды. Қазақстан – Қытай бірлескен 50 зауатын салу менің тапсырмам болатын»,— деді Елбасы. Сондай-ақ, ел президенті «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-ның ұжымымен кездесіп, жұмыс жағдайымен танысып, олардың біліктілігін көтеру мәселесін де талқыға салды. Мемлекет басшысы сапарының бірінші күні «Kostanay Plaza» жаңа сауда ойын-сауық орталығына барумен аяқталды.

(6)