mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Дизель отынымен қиындық туындауы мүмкін

Сала басшыларымен кездескен жиында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Бензин тапшылығы аздай, елімізде дизель отынымен қиындық туындауы мүмкін. Қыркүйек айында бензинді тиісті көлемде импорттамағынымыз үшін, бензинмен қиындық туындады. Енді, егер «Қазмұнайгазбен» тиісті шара қолданбасақ, дизельді отынмен қиындық болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарын сапасыз жүргізіп, барлығын істен шығардыңыздар. Соның салдарынан сіздердің зауыттарыңыз (Павлодар химия-мұнай зауыты) дизель отынын 150 мың тонна емес, айына 25 мың тонна ғана шығара алады»,— деп, қоластындағылардың жұмысына көңілі толмайтындығын ашық айтты.  Ал Brent маркалы мұнайдың баррелінің бағасы аз-аздап көтеріліп келеді, бүгіндері ол  64 доллардан асты. Баға 2015 жылдың маусымынан бері бұл деңгейге бірінші рет жетіп отыр. Бұл теңгенің нығаюына әкелді. Қазір доллар 333 теңгеден сатылып жатыр. Ал экономистер мұнай бұл бағасын ұстап тұра алмайды деп жорамалдайды. Мәселен, экономист Меруерт Махмұтова: «Тұрақты бағасы қымбаттайтындай болжам жоқ. Себебі, тура осы қымбататуға әсер еткен — Сауд Арабиясындағы ханзаданың мерт болуы, екіншіден, 11 ханзаданы жемқорлықпен жауып жатыр. Келесі жылғы болжамды қарап отырсақ, негізі мұнай нарығына, мұнай бағасына әсерін қосатын Құрама Штаттардың мұнай өндірушілері болары анық»,— дейді.

(2)