mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Алты баланың анасы ескі моншада босанғалы отыр

ҚазАқпарат тілшісі: «Алматы облысының Қарасай ауданындағы  Жамбыл ауылында  алты баланың анасы ескі моншада босанғалы отыр.  Ай-күні жақындап қалған Гүлбану Ысқақова амалдың жоқтығынан осы жерді паналап отырғанын айтты»,— деп хабарлайды. Көпбалалы ана Гүлбану Ысқақованың өзі: «Басқа жерді жалдауға ақшамыз жоқ және көпбалалы адамға ешкім жалға пәтерін бергісі келмейді. Амал жоқ, құлайын деп тұрған моншада тұрып жатырмыз. Жауын  жауса төбеден су сорғалайды. Жауынның астында отырамыз. Ал қар жауса азынап кетеді. Тек төрт қабырғасы бар деген аты ғана»,— дейді мұңын шағып. Гүлбанудың жолдасы үшінші топтағы мүгедек екен. Әр жерде жалданып жұмыс істейді. Ал тапқан табысы балаларының тамағынан аспайды. Ересек ұлы да сол әкесіне көмектеседі. Ал тұңғыш  қызы колледжде  оқиды екен. Қарасай ауданындағы әкімдіктегілер көпбалалы ананың жағдайымен таныспыз, бірақ тез арада мәселе шешілмейді деп отыр. Қарасай аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Ербол Нағашыбаев: «Қаскелең қаласында Қарлығаш ықшам ауданында жеке кәсіпкер Еламан ЖШС тарпынан кредиттік үйлер салынып жатыр. Ол үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы беріліп жатыр. Қазіргі таңда енді бөлім тарапынан, әкімшілік тарапынан тұрғын үйлер беріліп жатқан жоқ»,— дейді. Тығырыққа тірелген ана енді жаны жомарт жандардан көмек сұрайды. Тұрмыс тауқыметін тартып отырған  отбасына қол шын созуға ниетті жандар мына номерге хабарласуларына болады:  8 778 140 57 24

(4)