Алматыда «Ғылым көшбасшысы» салтанатының қорытындысы жарияланды

2014-2016 жылдардағы Web Science Core Collection мәліметтері бойынша ең көп жариялаған, белсенді болған және дәйексөз пайдаланған көрсеткіштері үшін қазақстандық ғалымдарды  Алматы қаласында марапаттады.

Салтанат қонақтары Қазақстан мен Ресейдің ғылым, білім, саясат және экономика саласындағы өкілдері болды.

«Қазақстандық ғылыми басылым» номинациясы бойынша Eurasian Mathematical Journal, Eurasian Chemico-Technological Journal, Bulletin of the University of Karaganda – Mathematics, Chemistry, Central Asian Journal of Global Health марапатталды.

«Шет елдік авторлардың араласуынсыз әзірленген және ең көп дәйексөз алынған еңбек» (2014-2016жылдардағы Web Science Core Collection мәліметтері бойынша) ретінде әл-Фараби атындағы ҚҰУ авторлары (Т. Рамазанов, Ж. Молдабеков, М. Габдуллин және Т. Исмаганбектова), сондай-ақ математика және математикалық модельдеу институты, А. Яссауи атындағы ХҚТУ авторлары (М. Садыбеков, Б. Төребек, Б. Турметов) марапатталды.

Техникалық ғылымдар саласы бойынша Д. В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия институты авторларының ұжымы (С. Иткулова, Г. Закумбаева, Е. Нурмаканов және А. Мукажанова); Жоғарғы технологиялар институтының, Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ (Н. Шокобаев және Т. Даулетбаков) марапатталды.

Медицина саласында Назарбаев университеті мен Ұлттық медициналық холдингтен келген авторлар (A. Kenneth,Б. Эльдар, А. Какпенова, А. Мусабекова, С. Жусупбекова, М. Акан және Б. Султанкулова, Д. Абетов, Ж. Мустапова, Т. Салиев және Д. Буланин) марапатталды.

Аграрлық және биологиялық ғылымдар саласында Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының, «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингтің, ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының авторларына (В. Кириллов, Т. Стикарева, Г. Атажанова, М. Серафимович, Б. Муканов, С. Адекенов, Ф. Мукашева және М. Ырымгали) авторлары марапатталды.

Әлеуметтік-гуманитарлық ғылым садасында Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ авторы Г. Сейлов марапатталды.

Айта кетейік, соңғы онжылдықта білім мен ғылымға мемлекет және ғалымдарымыздың көңіл бөлуінің арқасында еліміздің өндірістік саласы қарқынды дамып, ғылыми еңбектер көбейіп келе жатыр.

(6)