mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Аймақтардағы сиыр етінің бағасы қандай?

Ranking.kz: «2017 жылы сиыр етінің бір келісі 1426,3 теңге болды, бір жылда 15,6 пайызға (192,7 теңге), бір айда 0,7 пайызға (9,4 теңге) өскен»,— деп хабарлайды. Сиыр еті бағасының жыл сайынғы өсімі өткен жылдың қазан айының соңына қарай 6,3 пайызға (73,4 теңге), бір келісі 1233,7 теңгеге дейін өскен. Еліміздің қалаларындағы ең арзан сиыр еті Таразда екен, онда бір келі ет —  1297 теңге тұрады. Бір айда 1,8  пайызға (23 теңге), жылына 6,7 пайызға (81 теңгеге) өскен. Екінші орында Петропавл қаласы тұрса керек, онда бір келі ет үшін тұтынушылар 1303 теңге төлейді. Бір айда баға 4,3  пайызға (54 теңгеге), жылына 12,9 пайызға (149 теңгеге) артқан. Үшінші орында Талдықорған қаласы тұр. Онда сиыр етінің бір келісі 1317 теңге тұрады. Бір айда сиыр етінің бағасы өзгермеген, жылына 9,5  пайызға (114 теңгеге) өскен. Ең қымбат ет — Астанада, мұнда бір келі ет — 1661 теңге. Атырауда — 1530 теңге, Алматыда — 1525 теңге тұрады. Сиыр еті бағасының өсуімен оны тұтыну да азайған. 2017 жылдың екінші тоқсанында сиыр етінің орташа жан басына шаққандағы тұтыну мөлшері қалалық жерлерде — 6,4 келі, ауылда — 4,8 келі болған. Бұл өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 4,3 пайызға және 2,2 пайызға аз.

(7)