mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қысқа да нұсқа жаңалықтар

*Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов: «Жаңа агроөнеркәсіпті кешенді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 7 облыста 2021 жылға дейін 22 жаңа су қоймасын салу қарастырылған. Аталған су қоймалары еріген қар суы мен тасқын судың 1 млрд 900 млн куб мөлшерін сыйдыра алады. Министрлікте 2017-2018 жылдарға 2 млрд 800 млн теңгеге 100 объект бекітілді. 1-і қарашада 57 объект бойынша жұмыстар аяқталса, 43 объектіде жұмыстар жүріп жатыр»,— деп мәлімдеді.

*ҚР Ұлттық банкі: «Қазақстан сыртқа 5 млрд доллардан артық қарыз берді. Оның тең жартысы уақытында қайтарылмай отыр»,— деген мәлімет таратты. Депутат Омархан Өксікбаев: «Ұлттық Банк — осы валюталық операциялардың операторы. Әлгі операцияларға өзі қатысты, бақылау да сонда болды. Ал, Үкімет бұдан бойын алып қашты. Өз басым халық қаржысын оңды-солды шашуға қарсымын. Сондықтан, бұдан былай валюталық операцияларды бақылау тетігін Үкіметке қайтару қажет деп есептеймін»,— деді.

* АҚШ-тың қаржы министрлігі Иранға қатысты санкциялар тізімін кеңейтті. Тізімге Қарауылдар корпусы қарулы күштерінің жекелей түрлері де ілігіп отыр. Бұл жаппай қырып-жоятын қаруды тарату мен терроризмге қарсы күрес мәселесіне қатысты. Құжатта жаңа шектеулердің 41 жеке тұлға мен компанияны қамтығаны айтылған. Ресми Тегеран барлық айыптан бас тартып, қатаң әрекеттерге дайындалып жатқанын жеткізді.

*АҚШ президентінің Азияға сапары наразылық тудырды. Оңтүстік Корея мен  Жапонияда кәрістер мени жапондар Д.Трамп сапарына қарсы акция ұйымдастырды. Бірақ халықтың наразылығы Дональд Трампқа кедергі бола алмады. Вашингтон мен Токио Солтүстік Кореядан төнген қатерге біріге жауап беруге келісті. Ол үшін Жапония Американың қару-жарағын көптеп сатып алмақ.

*Сауд Арабиясында 11 ханзада тұтқындалды. Олардың төртеуі қазір министр болса, қалғандары бұл қызметте бұрын болғандар. Король Салман бен Абдул-Азиз жемқорлыққа қарсы комитет құрды. Бұл ведомство қаржылық құйтұрқылыққа жол бергендерді тергеп, тексеріп, есепшоттарын бұғаттауға қауқарлы. Король Салман бен Абдул-Азиз Әл Сауд биліктегі бассыздықты тоқтататын жемқорлыққа қарсы ірі компания басталғанын хабарлады.

(9)