mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қос ел бірлесіп шөлді аймақтарды игермек

ҚР Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінде «Қазақстан Үкіметі мен азық-түлік қауіпсіздік жөніндегі Ислам ұйымының арасындағы штаб пәтер туралы» келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды. Аталған заң жобасын депуттарға таныстырған ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов: «Аталған жоба 2011 жылы елімізде өткен Ислам ынтымақтастық ұйымы елдері Сыртқы істер министрлер кеңесінің 38 сессиясында аталған ұйымның ішінде өзара Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі арнайы қор құруды ұсынды біздің Елбасының бастамасымен жүзеге асып жатыр. 2014 жылы аталған ұйымның жарғысын ратификацияладық. Ал қазіргі таңда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен азық-түлік қауіпсіздік жөніндегі Ислам ұйымының арасындағы штаб пәтер туралы келісімді» ратификациялаудан өткізгелі жатырмыз. Штаб пәтер Астанада орналасады әрі оны қазақстандық азамат басқарады. Оның өкілеттілігі 4 жылға есептелген.  ИЫҰ азық-түлік қоры штаб-пәтері елімізде аграрлық секторды дамытуға септігін тигізеді. Біз үшін аталған ұйымда жұмыс істеу пайдалы. Біріншіден, біз кепілдендірілген азық-түлік өнімдерін сата аламыз, яғни отандық бидай өндірушілер өз өнімдерін тиімді бағаға сата алады. Екіншіден, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып, Ислам даму банкінің қаржысын жер суару жобаларына бөлеміз. Ал, бұл банк азаматтарға қаржыны ұзақ мерзімге әрі қолжетімді бағаға береді. Үшіншіден,  біздің Ислам банкінен техникалық көмек алуға мүмкіндігіміз бар. Елімізде сор топырақты және шөлді аймақтардағы жерлер бар. Мысалы, біз Маңғыстау немесе Қызылорда облыстарындағы жерлерді пайдалану бойынша сарапшыларды шақырып, олардың көмегіне жүгіне аламыз. Қазақстан алдағы 3 жылда аталған ұйымды қаржыландырады. Оған жылына 749 мың доллар жұмсаймыз. Аталған ұйымда Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі өзара көмек қоры болады. Ондағы қаржы 50-100 млн доллар көлемінде. Сондай-ақ, қорда алдымен Қазақстанның азық-түлік өнімдері сатылады. Шығын бар. Бірақ пайда жұмсалған шығыннан әлдеқайда көп»,— деген деректермен бөлісті.

(8)