Шаш — әйелдің құпия қаруы

Қыздың шашын бұрымға бекер өрмеген. Үшке бөліп өрілген шаш Яви (осы әлем), Нави (бақи дүние), Прави (көктегі құдай) сынды үш әлемнің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мол мүмкіндік берген делінеді.
Қыздың арқасына түсетін ұзын бұрым ерекше күш-қуат беріп, әйелдің тәні мен рухын мықты қылған. Тұрмысқа шыққан әйелдің шашы екіге жарылып, қос бұрым болып өрілген. Яғни, ендігі жерде әйелдің күші екіге қақ жарылған. Енді ол әрі әйел, әрі ана ретінде күш жұмсайды. Оның рухани күші тек өзіне ғана емес, отбасына, күйеуі мен балаларына да жұмсалады.
Әйел заты шашқа аса ұқыптылықпен, сақтықпен қараған. Шаш Тәңірдің сыйы екенін білген. Шашты күтіп, баптап, еріне жағуы мүмкін екенін білген. Тіпті кей кездері ауырған баласын да шаштың күшімен емдеген.

Жайылған шаштың зияны

Баяғы заманда әрбір жерде шашты жаулықпен жауып жүру дағдысы болған. Отбасын өте нәзік энергетика деңгейінде сақтап, қорғау үшін солай жасалынған. Қайғы-қасірет пен жаманшылықты солай қуған. Себебі оның бәрі шаштың ұшына жабысып, үйге кіруі мүмкін деген ырым болған.
Жайылған шаш күш-қуатты бекер ысырап ету болып саналатын. Және де жыныстық қатынасқа ашық шақыру деп қабылданатын. Әрбір әйел өзінің рухани құмырасының толысуын шашына күтім жасай жүріп бақылап отырған. Шашын тек күйеуінің алдында ғана жайған.
Жайылған шашпен тек мыстан кемпірлер мен жеңіл жүрісті әйелдер ғана жүретін. Мыстан кемпірлер шаштан энергетикалық ұйық жасап, стихиялардың энергиясына қосылады екен.
Егер көпшілік жерге барсаңыз, шашты өріп жүріңіз немесе басыңызға баскиім киіңіз. Аурухана, сауда орталықтары, базарларға, дүкендерге, музей, театрларға барғанда, байқау, карнавалдарға, қалалық мерекелерге қатысқанда, бейіт басына барғанда шашты жауып жүру керек.
Күш-қуатты сақтау үшін шашты өріп, не түйіп қойған абзал. Сонда әйел төзімді, сабырлы бола бастайды. Желкеге түйілген шаш әйелді жуас қылады. Өрілген шашты омыртқаның үстінен жіберіп қою табиғат-ананың күш-қуатымен сусындауға мүмкіндік береді. Әйел омыртқадан өткен қуаттан нәзіктік алады.
Егер шашты артқа қайыра тараса, әйел тез сабырлы боп, жаны жай табады.
Шашты әйелдерге оң жақтан бөлген дұрыс. Сонда шашын солға қарата тарайды. Себебі оң жақ еркектер қуатын жинақтайды. Сол жақ әйелдің қуатын жинастырады. Қуат тең түссін деген адам теңдей бөліп тараса болады.

Шаш бояу

Шаш бояу әйелдің энергетикасын өзгертеді. Оның тән мүмкіндігін өзгертеді. Әсіресе, бояу табиғи болмаса, онда химия шаштың түсін ғана емес, құрылымын да өзгертеді. Сол арқылы адамды белгілі бір ғаламшарлардың энергиясына байланыстырады.
Бояған кезде шаш өзінің түсінен 1-2 реңкке ғана өзгеруі тиіс. Көп емес. Егер адамның шашы қара болмаса, онда қара түске боямаңыз. Сосын қып-қызыл түске де бояған зиян. Әйелдің бойындағы еркектік күштердің бас көтеруіне әкеледі.
Шашқа үнді хнасы жақсы әсер етеді. Ол шашты нығайтып қоймай, құрылымын тазартады. Хнаны қолданған әйел жеңілденіп қалғанын бірден сезеді. Хнаны азғантай шаш бөлігіне жағып үйреніңіз. Хна мен басма ашық және ақ шашты жақсы бояйды. Лимон шырыны мен сіркесуын қосса, бояу қанық болады. Қара кофе немесе шарап қосылған хна шашты анағұрлым қанық етеді.
Ертеде әйелдер тарақты аса мұқият таңдаған. Тарақтың көмегімен кез келген жамандықты тарап тастауға болатынын, тәнімен демалып қалатынын білген. Демалу әйел үшін нәзіктікті жинаудың алғышарты екен.
Шакти деген ведалық энергия шашта жинақталатын болғандықтан, әйелге шашын бөтен адамдарға ұстатуға болмайды. Тек күйеуі мен әкесі ғана ұстай алады.
Айналаңызда ұрыс шығып кету қаупі төнсе, басыңызға жаулық жабыңыз. Сонда келеңсіздіктер сізді айналып өтеді. Шашты жуғанда арнайы майларды қолданыңыз. Зәйтүн, ошаған, кастор, тоң май т. б. Шашты өсіруге көмектесетін эфир майлары: иланг-иланг, даршын, лаванда, гүлшетен (розмарин), қарағай, шатыраш (шалфей).

Аударған —
Шынар Әбілдә

(22)