mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Сағынтаев мерекелік күндер күнтізбесін бекітті

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» №689 ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды. Осы құжатқа сәйкес 46 мерекелік датадан тұратын тізбе бекітілді. Қазақстандағы мерекелік күндерінің тізімі мынадай: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні — 10 қаңтар; 2.    Алғыс айту күні — 1 наурыз; 3.    Жерге орналастыру, геодезия және картография күні — наурыздың екінші сенбісі; 4.    Геолог күні — сәуірдің бірінші жексенбісі; 5.    Ғылым қызметкерлері күні — 12 сәуір; 6.    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні — 21 сәуір; 7.    Мәдениет және өнер қызметкерлері күні — 21 мамыр; 8.    Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні — 31 мамыр; 9.    Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні — мамырдың соңғы жексенбісі; 10.  Қазақстан Республикасы рәміздері күні — 4 маусым; 11.  Эколог күні — 5 маусым; 12.  Полиция күні — 23 маусым; 13.  Мемлекеттік қызметші күні — 23 маусым; 14.  Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні — маусымның екінші жексенбісі; 15.  Медицина қызметкері күні — маусымның үшінші жексенбісі; 16.  Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні — 28 маусым; 17.  Дипломатиялық қызмет күні — 2 шілде; 18.  Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні — 13 шілде; 19.  Балық шаруашылығы қызметкерлері күні – шілденің екінші жексенбісі; 20.  Металлург күні – шілденің үшінші жексенбісі; 21.  Сауда қызметкерлері күні – шілденің төртінші жексенбісі; 22.   Көлік қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі; 23.  Құрылысшы күні – тамыздың екінші жексенбісі; 24.  Шекарашы күні – 18 тамыз; 25.  Спорт күні – тамыздың үшінші жексенбісі; 26.  Шахтер күні — тамыздың соңғы жексенбісі; 27.  Білім күні — 1 қыркүйек; 28.  Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні — қыркүйектің бірінші жексенбісі; 29.  Отбасы күні — қыркүйектің екінші жексенбісі; 30.  Қазақстан халқы тілдерінің күні — қыркүйектің үшінші жексенбісі; 31.  Атом саласы қызметкерлерінің күні — 28 қыркүйек; 32.  Әділет органдары қызметкерлерінің күні — 30 қыркүйек; 33.  Машина құрастырушылар күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі; 34.  Еңбек күні — қыркүйектің соңғы жексенбісі; 35.  Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні — 6 қазан; 36.  Ұстаздар күні — қазанның бірінші жексенбісі; 37.  Құтқарушы күні  — 19 қазан; 38.  Орман шаруашылығы қызметкері күні — қазанның үшінші жексенбісі; 39.  Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні — қазанның соңғы жексенбісі; 40.  Күзет ұйымдары қызметкерлері күні — 29 қазан; 41.  Сыртқы барлау күні — 5 қараша; 42.  Статистика күні  — 8 қараша; 43.  Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі — 15 қараша; 44.  Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні — қарашаның үшінші жексенбісі; 45.  Прокуратура күні — 6 желтоқсан; 46.  Энергетик күні  — желтоқсанның үшінші жексенбісі. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мерекелер: 1. 1-2 қаңтар — Жаңа жыл;  2. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні; 3. 21-23 наурыз — Наурыз мейрамы; 4. 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесі; 5. 7 мамыр — Отан қорғаушы күні; 6. 9 мамыр — Жеңіс күні; 7. 6 шілде — Астана күні.

(10)