mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Елбасы Н.Ермекбаевты қабылдады

Қазақстан Президенті Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады. Кездесу барысында Мемлекет басшысына азаматтық қоғамдағы қазіргі жағдай мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет ұсынылды. Сондай-ақ, министр Қазақстан Президентіне діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, сондай-ақ волонтерлермен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстардың нәтижелері туралы баяндады. Министрліктің жаһандық және өңірлік сын-қатерлер аясында бүгінгі күні атқарып отырған жұмыстарының өзектілігін ерекше атап өтткен Елбасы: «Министрлік құрылғалы біршама уақыт өтті. Қазіргі жағдайда министрліктеріңіздің жұмысы еліміз үшін аса маңызды», – дей келіп, министрге бірқатар нақты тапсырмалдар берді.

(3)