mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Б.Сұлтанов: «Көштен қалдық»,— деп дабыл қақты

Мәжілісте өткен үкімет сағатында Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан көрсеткіштерінің төмендегеніне қатысты түсінік берген ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов: «Биыл Бүкіләлемдік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде «Бюджет қаражатын негізсіз жұмсау» (-13), «Мемлекеттік шығындардың ысырапшылдығы» (-24), «Аудит және есептілік стандарттарын жетілдіру» (-1) бағыттары бойынша Қазақстанның көрсеткіштері төмендеп кетті. Біздің ойымызша, рейтингтің төмендеуінің басты себебі – аудит органдарында болған жемқорлық даулары мен қызметтің үйлесімсіздігі», — деп мәлдімдеді. Министрдің байбалам салатындай да жөні бар сияқты, өйткені, биылғы жылдың маусым айының соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысын пара алып жатқан жерінен ұстаған болатын. Шенеунік параны тексеріс туралы оң акті жасау үшін сұраған. Ал өткен жылдың соңында мемлекеттік аудиторлар пара алғаны үшін ұсталған болатын. Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Doing Business 2018 бизнес жүргізу қолайлылығы рейтингінде 36-орынға тұрақтады (ал бір жыл бұрын 35-і орында тұрған). Қазақстан «құрылысқа рұқсат алу» бойынша 22-і орыннан бірден 52-і орынға түссе, «несие алу» параметрі бойынша қазір әлемде 77-і орында тұр. Ал өткен жылы 75-і орында болған еді. «Халықаралық сауда» көрсеткіші бойынша еліміз 123-і орынға жайғасты (былтыр – 119).

(10)