mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Бас уәзір: «Қарағанды облысы үздік деу — әнтектеу»

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дамыту мәселелері бойынша қандай жұмыстардың жүргізілгені бойынша ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа есеп берді. Баяндамада: «Қарағанды облысы шарт жасасу бойынша көш бастап тұр. Өңір мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 21 шартқа қол қойған»,— деген деректер келтірілді. Аталған дерекке қатысты өз пікірін білдірген Үкімет басшысы: «Тимур Мұратұлы, біз әрі қарай қарайық, конкурс сатысында құжатқа қол қою нөл, құжаттарды дайындау нөл, сондықтан Қарағанды облысы үздіктердің қатарында деп айту қиын. Барлығына кешенді түрде қарау керек. Мәселен, көшбасшылар қатарына Шығыс Қазақстан облысы да кіреді. Онда конкурс сатысында 64, құжаттарды дайындау 20, оның ішінде жасалған келісімшарт 96. Міне, бұл өңір – көшбасшы. Ал енді келісімшарт жасалған, бірақ әрі қарай жұмыс жүргізілмесе, ол қалай көшбасшы болады?Олар босаңсып кеткен»,— деп, минитр пікіріне наразылық білдірді. Өңірде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік дамыту мәселелері бойынша тиісті жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтқан  Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов: «Бақытжан Әбдірұлы, пысықтау сатысында 11 жоба бар. Мен оның неге тізімге енбей қалғанын түсінбедім. Қарағанды облысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде»,— деп, ақталуға тырысты.

(6)