mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қырғызстанның 100 тонна өнімі кері қайтарылды

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігі: «Бір апта ішінде Қазақстан Қырғызстанның 100 тоннадан астам өнімін кері  қайтарды. 3 жағдай бойынша өнімдер фитосанитарлы сертификатсыз әкелінген. Үш рет зияңкестер анықталған оқиға тіркелді, 10 оқиға бойынша қаптамада арнайы маркалау (таңбалау) болмаған. 3-і қарашада Қордай ауданында фитосанитарлы бақылау кезінде Қырғызстаннан келген 20 тонна құрмадан зияңкестер табылды. Тауар кері қайтарылды»,— деп хабарлайды.  Естеріңізде болса, Қазақстан 10-ы қазаннан бастап Қырғызстанмен шекараны күшейткен болатын. Бұл ұзын-сонар кезектің туындауына себепкер болған-ды. Астанамен келіссөз кезінде жолаушы көлігінің өтуін жеңілдету жөнінде келісімге қол жеткізілген. Шекара бақылауын күшейту себебін Астана Қырғызстаннан келетін контрабандамен күресу деп түсіндіреді. Бішкек болса, қазақ тарабы «кедергіні қолдан жасап отыр» деп санайды.

(3)