Спортшы қауым жаңа нұсқаны қолдайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиінің ұсынылған жобасын бекіту туралы жарлық шығару қажет», — деді. Аталған жұмыстың кезең-кезеңмен, сатылай жүргізілуі қажет екендігін де алға тартты. Қоғам қайраткерлері, тіл мамандары, саясаткерлер мен ғалымдардың тыңғылықты сүзгісінен өткен жаңа әліпби нұсқасын спортшы қауым да қолдап отыр. Бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы, бокстан олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ыбырайымов: «Латын әліпбиіне көшу — уақыт талабы, жаңа өркениетке бастар жол. Бұл бір күнде жасалған шешім емес, жеті рет өлшеніп, бір рет кесілген дүние болды. Қоғамның талқысына түсті, ой талқыға салынды, таразыланды. Сондықтан латын қарпіне көшуді заманауи шешім деп қарастыруымыз керек», — деді.

(22)