Төреғали Төреәлі үйлену тойын жасады

Жуырда жеке концертін берген Төреғали Төреәлі өзінің үйленгенін жасырын ұстаған әншілердің бірі. Алайда Қайрат Нұртастан үлгі алайын деді ме, ол да осы аптада үйленгеніне 3 жыл болғанын жар салып, Алматының төрінде бүкіл той жұлдыздарын шақырып, үйлену тойын жасады. Жары Толқынның той көйлегі 1 миллион теңге тұрады екен-мыс, ал ең қымбат мейрамханада өткен тойдың құнын біз айтпасақ та шамамен біліп отырған шығарсыздар.

(15)