Роза Рымбаева өзі оқыған мектебіне 1 миллион теңге аударды

Қазақстанның халық əртісі, белгілі əнші Роза Рымбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстаннын бастау алған «Менің мектебім» жобасына өзіндік үнін қосып, өзі оқыған мектебіне 1 миллион теңге аударды. Кəсіпкерлер мен танымал тұлғалар тарапынан жиналған қаражат «Парыз» атты облыстық қорға аударылып, сол қордан өңірдегі мектептерге бағытталмақ. Айта кетерлігі, бүгінгі күнге дейін «Менің мектебім» жобасына 2 млрд 300 млн теңге жиналған. Өзінің оқып, түлеп шыққан білім ордасына 1 миллионды ойланбай аудара салу нағыз жомарттық емес пе? Сонымен, елімізде білім саласына ақшасын аямайтын жомарт адамдарымыз көп болсын!

(10)