Димаш Құдайберген Париж сахнасында өнер көрсетті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының таныстырылымын әдемі аяқтау үшін, Парижге бірнеше қазақ-стандық әнші мен бишілер кеткен еді. ЮНЕСКО сахнасында Димаш француз тілінде бір ән орындап, қалған екеуін қазақ тілінде орындады. «Дайдидау» мен «Жерім менің» деп аталатын әнін орындаған әншіні бүкіл зал үлкен қошеметпен сүйсініп тыңдады. Париждіктердің ыстық ықыласына бөленген Димаштан фанаттары автограф алып, суретке түсті.

(18)