mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Сүйекке таңба болған сөз

Бір әйелге күйеуі мен енесі күн сайын ұрып-соғып, балағат сөздер айтып күн бермеген соң, баласын жетектеп төркініне қарай бет алыпты. Жолда ол әйелді Алдаберген би көріп қалып, мән-жайға әбден қанығады. Сосын қағазға бір сөз жазып: «Бір ашуыңды бас, еліңе қайт. Ал мына қағазды пәленшеге берерсің» деп әйелді райынан қайтарады. «Алдаберген би берді дерсің» деп сәлем айтады. Осы сөзді әлгі ауылдың үлкені оқығанда, тұрған жерінен отырып қалып: «Әй, әттеген-ай!» Сүйекке таңба басылды ғой. Тірідей көмілдік қой. Енді қайттік?» дей беріпті. Сөйтсе қағазда мына сөз жазылған екен:

«Қойдан қозы туады шөп жейтұғын,
Иттен күшік туады боқ жейтұғын
Осындай бейсуат сөз сөйлегенге,
Ауылыңнан шықпады ма қой дейтұғын»
Міне, сөз айту мен сөз қабылдаудың бір үлгісі осы болса керек, ағайын!

Б. Жұма

(34)