mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Солтүстік Корея: Сынақ алаңында 200 адам көз жұмды

Жапониялық Asahi арнасы: «Солтүстік Кореядағы ядролық сынақ полигонында жерасты туннелінің құлауынан 200-ден астам жұмысшы көз жұмды. Қайғылы оқиға Солтүстік Кореяның Пунгери сынақ алаңында орын алды. Туннель опырылған кезде топырақ астында 100-ге жуық адам бастырылып қалса, осы адамдарды құтқаруға барған 100-ден астам адам да екінші рет опырылған туннельдің астында қалған. Алайда туннель құлаған кезде ешқандай хабар таратылмай, тиісті орындар бұл жағдайдан беймағлұм қалған. Сарапшылардың айтуына қарағанда Пунгери сынақ алаңында жүргізілген алтыншы сынақ кезінде туннельдің ішкі жағына сызат түскен болуы мүмкін. Әзірге сынақ алаңында орын алған оқиғаның нақты ақпараты таратылған жоқ. Анығы 200-ден астам адамның топырақ астында қалып қаза болғандығы ғана»,— деген ақпаратты жария етті.

(15)