mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Балаға қолданатын сулы майлықтар зиян екен

Балаларына бөртпелердің шығып кеткенін айтып шағымданған ата-аналармен Флиндер медицина орталығының ғалымдары ұшырасты. Дәл осы мемлекетте балалар экземасы көбейген. Бөртпелер балалардың әсіресе беттерінде, қолдарында және құйрықтарында көп пайда болған.
Зерттеу жүргізген ғалымдар оның себебін кәдуілгі күнделікті қолданып жүрген ылғалды майлықтардан тапты, анығын айтсақ, бар мәселе оның құрамындағы компонент — метилизотиазолинде болып шықты.
Қазіргі таңда өндіруші компаниялар бұл консерванттың орнын алмастыруға болатын табиғи компонент іздестіруде. Медицина қызметкерлері де ылғалды сүрткіштерді көп қолданбауға, мүмкін болса, мүлде қолданбауға кеңес береді.

 

(15)