mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

АҚШ: Д.Трамп босқын қабылдау тәртібін күшейтпек

АҚШ президенті Дональд Трамп елге келгісі келетін босқындарды таңдау бағдарламасын күшейтуге бұйрық берді. Ол сәрсенбіге қараған түні Нью-Йоркта болған терактіден кейін бірнеше твит жазып, солардың бірінде: «Қазір ғана ішкі қауіпсіздік министрлігіне онсыз да экстермалды таңдау бағдарламасын күшейтуді тапсырдым. Саяси әдепті сақтау дұрыс, бірақ мына мәселеде емес!»— деді. Қазан айында Трамп 120 күндік мораторийден соң босқындар қабылдау бағдарламасын қайта ашатыны, бірақ 11 елдің азаматтарына қатысты процедураны қатайтатыны туралы айтқан болатын. Қазанның 31-інен қарашаның 1-іне қараған түні Нью-Йорктің Манхэттен ауданында болған терактіден сегіз адам қаза болды. Теракт жасаушы Сайфулло Саипов Өзбекстанда туған, 2010 жылы ықтияр хатпен АҚШ-қа барған, бүгінге дейін Uber компаниясында жұмыс істеп келген азамат екен.

Осыоқиғаға қатысты пікір білдірген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Конгресске ел президентінің терроршыларға кез келген уақытта, кез келген территорияда әскери соққы жасауына мүмкіндік беруге шақырып: «Қазіргі уақытта президент әкімшілігі шекараға қарамайтын жауға қарсы әскери күш қолдану үшін рұқсат алуға мәжбүр»,— деген уәжді алға тартты. Себебі, ел заңына сәйкес, АҚШ президенттері әскери күш қолдану үшін Конгресстен рұқсат алуы тиіс.

(6)