mm
Халықаралық "Қазақстан-Zaman" қоғамдық-саяси газетінің журналисі. Отбасы, білім, мәдениет-өнер бөлімдеріне жауапты.

Ас үйдегі араздық

Ас үй. Иә кәдімгі қазақтың асханасы. Бүгінде тіл мен салт-дәстүрді айтпағанда, ас үйіміздің ақ дастарханын да сырттан келген тағамдар жаулап алды емес пе?
Шошқа етінен жасалған, салаңдаған бір құлаш Шұжыққа тіл бітті.
— Ужас, бұл жерге шұбат не үшін керек? Асханамыздың иісін бұзып тұр.
— Өте орынды сұрақ, — деп, Жұмыртқа жылмаң ете қалды. Қазірде неше түрлі жұмыртқалардың қаптап кеткені өтірік емес. Қандай тауықтікі екені де белгісіз.
Әтеші кім? Жұмыртқаның шұбатқа қайдан жаны ашысын?
— Бүгіннен бастап Қымыз бен Сүзбеге де орын жоқ! — деп, Шұжық шаңқылдады.
Мұны естіп тұрған Тұз шыдай алмады. Арашаға түсті.
— Шәке, бұларың дұрыс емес. Қымыз бен Шұбат — қазақ халқының ұлттық тағамдары. Адам денсаулығына пайдасы зор.
— Масқара, Тұзға тіл бітейін деген бе? Қәне, тайып тұр бұл жерден! — деп, Шұжық ашуға көшті.
— Біз Шұжықты әрқашан қолдаймыз, иә, кетіңіз! — деді тауықтың майлы бөксесі. Ас үйдегі ұсақ-түйек тағамдар Тұзға жабыла кетті. Тұз қарсылық білдірмеді. Өз еркімен асханадан шығып кетті.
Тұздан құтылғандар той жасады. Бірақ ұзаққа бармады. Шұжық тұзсыз шіріді. Жұмыртқа иістенді. Тауықтың бөксесі былжырады. Ас үй сасып кетті.
Нұрлыбек Жұбатқан,
ҚР Мәдениет қайраткері

(19)