mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қысқа да нұсқа жаңалықтар

*БАҚ алдында баспасөз мәслихатын өткізген Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Азамат Бердібай 1250 жылы әйгілі Мысыр патшасы Сұлтан Бейбарыстың иорданиялық әл-Карак қаласында жаулап алған қорғанын көрсетті. Ол қорғанды крест жорығының кіресшілері салған. Бірақ кейін қорған Әмір Салахаддиннің жаулауымен мұсылмандардың қолына өткен.

*Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы 15 қазанда өткен президент сайлауының нақты қорытындысын жариялады. Қорытынды хаттама бойынша, Қырғызстан социал-демократиялық партиясының (ҚСДП) үміткері Сооронбай Жээнбеков — 920 мың 620 дауыс (54,22 пайыз), өзін өзі ұсынған Омурбек Бабанов — 568 мың 680 дауыс (33,49 пайыз), «Бутун Кыргызстан» партиясының төрағасы Адахан Мадумаров —110 мың 284-і (6,57 пайыз) дауысжинаған. «Барлығына қарсы» дауыс берген сайлаушылар саны — 12 мың 171-ні (0,73 пайыз).

*Аспиринді ұзақ уақыт қабылдау қатерлі ісікке шалдығу қатерін 47 пайызға дейін төмендетеді. Халықаралық ғалымдар ұжымы осындай қорытындыға келді. Зерттеуге 600 мыңнан астам адам қатысып, олар аспиринді ұзақ уақыт қабылдаған (алты айдан, орташа – 7,7 жыл). Нәтижесінде бауыр ісігімен ауыру қатері — 47, асқазан рагы — 38, ұйқы безі – 34, тоқ ішек ісігі – 24 пайызға төмендегені анықталған. Ғалымдардың айтуынша, өкпе мен қуықалды безі қатерлі ісігінің, лейкемияның алдын алуда да аспириннің көмегі бар екен.

*Үндістанда 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында футболдан өткен әлем біріншілігі аяқталды. Оған 24 команда қатысты. Үшінші орын үшін өткен кездесуде Бразилия Мали командасын 2:0 есебімен ұтса, ақтық сында Ұлыбритания жастары Испания футболшыларын 5:32 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

*Қызылордада халық батыры Текей Қарпықұлының  350 жылдығына арналған қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық ашық турнир өтті. Оған 14 палуан қатысты. Бас жүлде мен 1,5 млн.теңгенің сертификатын қармақшылық Еламан Ерғалиев, екінші орын мен  700 мың теңгені қызылордалық Мақсат Исағабылов, үшінші орын мен  500 мың теңгені қармақшылық Марат Баймаханов еншіледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлер Текей Қарпықұлы атындағы қоғамдық қордың ақшалай сыйақыларымен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.

(6)