mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Тіркелудің жаңа тетігі енгізілді

ҚР ІІМ баспасөз қызметі: «Жаңа тіркеу механизмін іске қосу 1 қарашаға жоспарланған»,— деп хабарласа, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев: «Біз Әділет министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу процедурасын жеңілдеттік. Бұл үшін ақпараттық жүйені кіріктірдік, ол апробациядан сәтті өтті. Енді тіркеу кезінде азаматтардан баспанаға құқық белгілеуші құжаттар немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама талап етілмейді. Мекенжай мәліметтері жүйеге мекенжайдың тіркеу коды негізінде енгізіледі. Жаңа тетік 1 қарашадан бастап республиканың барлық өңірінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске қосылады»,— деп түсіндірді.

(5)