«Рухани жаңғыру: Абай, Шәкәрім мұралары»

2017 жылғы 18 қазанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика институында «Тұлғатану» орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дана Мұқатованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Абай, Шәкәрім мұралары» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс өткізілді. Дәріске белгілі абайтанушы ғалымдар, әдебиетшілер, Абайдың ұрпақтары атынан Нұргүл Әлішерқызы қатысты.
М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Ерболат Баятов, Абай атындағы ҚазҰПУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жабал Шойынбет Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы адами-рухани құндылықтар туралы мазмұнды дәрістер оқыды. Саяси ғылымдар докторы, профессор Сайын Молдағалиұлы Борбасов Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өзектілігі, қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі туралы мазмұнды баяндама жасады.
Мырзахан АХМЕТОВ,
Абай атындағы ҚазҰПУ

(115)