mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Заңды бұзған ХҚКО басшысы қызметінен қуылды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз хатшысының міндетін атқарушы Татьяна Фоминова: «26-ы қазан күні Алмалы ХҚКО бөлімінің басшысы бөлім қызметкерімен бірге Еңбек кодексінің бабы бойынша жұмыстан шығарылды. Ол жектекші ретінде жауапкершілікке тартылды. Қазір оның міндетін орынбасары Ерлан Түленов атқарып отыр»,— деп хабарлады. Естеріңізге салсақ,   Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері консалтинг компаниясының өкіліне сенімхатсыз анықтама беріп, заңды бұзған. «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі Анна Дмитриевичтің жеке мәліметтері жария етілгенін мойындады. «Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбаға қатысты айтарымыз, расымен пост авторының атына жылжымайтын мүлік және мекенжай анықтамасы берілген. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкері консалтинг компаниясының өкіліне анықтаманы сенімхатсыз берген. Әрине, бұл үлкен заңбұзушылық, сондықтан бұған жол берген қызметкер жұмыстан шығарылады», — деп жазылған мемлекеттік корпорация таратқан хабарламада. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Анна Дмитриевичтен ресми түрде кешірім сұрап, бұл оқиғаны жария еткені үшін алғыс айтты.

(9)