mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жат ағымдағы азаматтарды кімдер қаржыландырған?

Ақтөбеде  «Мұнай ұрлығы» туралы қозғалған қылмыстық іске қатысты өңір басшысы Б.Сапарбаев: «Қазір қылмыстық іс аяқталуға жақын. Ол сотқа беріледі. Ұрлыққа компания, кәсіпорындарда бақылаудың нашар болғаны ықпал еткен деп ойлаймыз. Мұнай ұрлығының алдын алу үшін өндірілген мұнай мен газдың есебі болуы керек. Қазір осы бағыттағы жұмыстарды барлық мемлекеттік органмен бірге жүзеге асырып жатырмыз. Біздің жоспарымыз бойынша келесі жылдың бірінші тоқсанында алғашқы нәтижені қараймыз. Бұдан түскен түсім теріс ағымда жүрген азаматтарды қаржыландыруға жұмсалған. Қазір енді сотта не болғанын көрсетеді. Біреуді кінәлі деп айтуға болмайды. Себебі мұндай жағдай тек қана Қазақстанда емес, дүние жүзінде болып жатқанын білесіздер. Мұнымен біз барлығымыз «билік – қоғам» болып бірігіп күресіп, жұмыс істеуіміз керек. Одан кейін сырттан келетін мәліметтермен жұмыс жасауымыз қажет. Соңғы үш жылда республика көлемінде 1 млн тонна мұнай ұрланса, Ақтөбе облысында 7-8 мың тонна «қара алтын» ұрланған, бюджетке шығын келген. Бас прокуратурамен бірге үлкен семинар өткіздік. Бастысы есеп жүргізу керек. Қайда, қалай мұнай өндіріледі және қайда кетеді. Әрбір мемлекеттік органға тапсырма берілді. Бұл тек қана облыс әкіміне тәуелді емес, барлық мемлекеттік органдарға, мұнай өндіретін кәсіпкерлерге де қатысты. Қазір бас прокуратурамен жеті бағытты құрастырдық»,— деп мәлімдеді. Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында «мұнай ұрлығымен айналысты» деген күдікпен қылмыстық топ мүшелері ұсталған болатын. Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі «Күдіктілердің бірі теріс діни ағымды ұстанады» деп мәлімдеген еді. Ақтөбе облыстық соты мамыр айында мұнай және мұнай өнімдерін ұрлаумен және заңсыз тасымалдаумен айналысты деген күдікпен қамалғандар саны 2016 жылдың желтоқсанынан бері 22 адамға жеткенін хабарлады.

Тағы да дәл осы Ақтөбеде №60 мектептің үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы
сыныптарында оқитн төрт қыздың шашын ата-анасы тақырлап алып тастаған. Сабаққа
орамалмен қатысатын қыздар қазір шаштарының жоқтығын сылтау қылып,
кимешектерін шешпей отыр. Олардың анасы Сарина Индира: «Қыздарымның бәрінің
басына жара шығып, содан шаштарын алып тастадым. Шаштары әлі кішкентай, өспей
жатыр. Шаштарына жабысып қалатын жара шықты. Осы ауданды қарайтын ауруханаға
апардым. Балаларым кішкентай кездерінен орамал тағады, орамал таққаннан кейін таза
жүреді»,— деп ақталса, отбасы қаралатын а Қарғалы қалалық ауруханасының жалпы
тәжірибе дәрігері Аягүл Әлжанова: «Дінге ден қойған отбысының балаларының
басында ешқандай жара болған жоқ. Барлық сегіз баласына да түгел екпеден бас
тартып, балаларына екпе жасатуға қарсы болып отыр. Олармен үздіксіз түсіндіру
жұмыстарын жүргізіп отырмыз»— деп, оның сөзін жоққа шығарады. Түсіндіру
жұмыстарын жасау үшін отбасыға дін қызметкерлері де барған. Білім ордасының да
ата-анаға шарт қойғаннан басқа амалы қалмаған. «Біз мектепке орамал тағып келетін
оқушылардың ата-аналарына екі рет хабарлама бердік. Құқық кеңесін де өткіздік.
Бірақ, ол ата-аналар оған келмей қалды. Екінші рет республикадан келген жұмыс
тобымен бірге өткіздік. Қыздың анасы уақыт сұрады. Біз өзара келісу үшін 1-і
қарашаға дейін уақыт бердік. Содан кейін әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты
құжаттар дайындалатын болады», — дейді №60 мектептің директоры Абзал
Тәжімішов.

(44)