mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

17 жасында сүндеттелген қазақ

Алматы облысының тұрғыны Жадыра: «Күйеуімнің бастығы сүндет тойға шақырып, сонда болдық. Белгілі бір себептермен баласын 17 жасында ғана сүндеттеген ата-анасы сүндет тойды дүркіретіп өткізіп, ерекгше қуанышқа бөленді. Бірақ, баласын неге кеш сүндетке отыртқызғанын ақыры біле алмадық»,— десе,  Өскемен қаласының тумасы Сәкен есімді жігіт: «Коммунистік партияның идеологиясы мен заңдарын қатаң сақтайтын ата-анам мені жиырма жасыма дейін сүндеттетпеді. 80-і жылдары Алматыға көшіп келдік. Достарыммен ортақ моншаға барғанда, бетімнен отым шығып қатты ұялдым. Жолдастарым менің  мұсылман еместігімді бетіме басып, менімен араласпай кетті. Осыдан кейін амал жоқ молдаға өзім барып, жиырма жасымда мұсылмандыққа аяқ бастым. Әкеміз оқыған, Өскеменде бір мекеменің басшысы болды. Бірақ, орыстанып кеткен бұл өңірде баланы сүндетке отырғызу әбестік саналса керек. Әрі ата-аналар қызметтен айырылып қалудан да қорыққан ғой. Шындығында сонау 90-ы жылдары Өскеменде молда да болмаған, тіпті қазақ мектебінің өзі  жалғыз ғана еді.  Мұның бәрі айналып келгенде идеологияның әсері-тін. Оңтүстік өңірлерде балаларын тығып болса да сүндеттеген екен. Ауылда тұрсақ, бәлкім «бұлай» болмас па еді, кім білсін. Менен кейінгі інімді ата-анм он екі жасында сүндеттеткізді»,— деп түсіндірді. Ол өзі сияқты сүндеттелмеген жастар солтүстік өңірлерде де табылатынын да жасырмады. Бәлкім, қалалық ата-аналар балалары алдындағы парызын орындауға ден қояр…

(36)