mm
Халықаралық "Қазақстан Заман" газетінің тілшілер қосыны бастығының орынбасары. ҚР "Ақпарат саласының үздігі"

Қымбатшылықты ауыздықтауға заң ғана қауқарлы

Бұл Владимир Божконың ұсынысы болып тарихта қалмақ. Спикердің орынбасарының айтуынша бүгінде кәсіпкерлер әбден құтырған. Пайда табудың ең оңай жолын тапқан көрінеді. Олар фермерлерден тауарды арзан баға алып, оны қымбат бағаға сатып жүр. Бажко мырзаның пайымынша бұл кәсіпкерлік емес, алыпсатарлық. Шынын айту керек бұдан байлар емес, қарапайым жұрт зардап шегуде.
Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өзіне бағытталған сауалдарға жауап берді: – Біз де сіздер айтқан сұрақтарды өзімізге қойып көрдік. Тіпті зерттеу мақсатында 15 субсидияны қарап шықтық. Шаруа көп. Ақырында 24 миллиард теңге қаржыны қабылдадық, енді міне соның тиімсіздігін көріп отырмыз. Яғни, жылда қаржы бөлінеді, бірақ, өндіріс одан дамымайды. Онда одан не пайда?
Ақыр аяғында министр 24 миллиард теңгенің тиімсіз игерілгенін мойындады. Оның түрлі себептері мен салдары болғанын да жасырмады. Сөз арасында министр енді шаруаларға субсидия емес, банктер арқылы жеңілдетілген несие берейік деген ұсынысында айтып қалды. Сонда мемлекеттік ақша көпке қолжетімді болмақ.

(4)