Маңғыстау облысының әкім кубогы мәреге жетті

Ақтауда үстел теннисінен Маңғыстау облысы әкімінің кубогын сарапқа салған турнир мәресіне жетті. Шарада облыс әкімі сөз алып, жарыстың маңызына тоқталды.
— Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрбір Жолдауында халық денсаулығының кепілі ретінде бұқаралық спортты дамытуға баса мән береді. «Тәні саудың – жаны сау». Бұқаралық спорт арқылы елдің рухы көтеріледі. Бүгінгі турниріміздің басты мақсаты осы. Сонымен қатар, Маңғыстау облысы бойынша үстел теннисі спортын насихаттау және одан әрі дамытудың бағдарламасы қабылданған. Мәселен, өңірде соңғы 2 жылдың ішінде бұл спортқа 15 қатысушыдан 150 қатысушыға дейін өскенін байқауға болады, — деді Ералы Тоғжанов.
Додаға ардагерлер, ҚР Қорғаныс министрлігінің және басқа да әскери құрылымдардың әскери қызметшілері қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша барлық жүлдегерлерге арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар берілді.

(7)