mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Көмір барлық жерде қымбат

Қылышын сүйретіп қыс кеп қалғанына қарамастан, көмірден зәрулік көріп отырған өңірлер Қазақстанда жетерлік. Сондай тапшылықты бүгіндері Қырғызстан да бастан кешіріп жатса керек. Қырғызстан Республикасы экономика министрлігі жанындағы аймақаралық басқарманың бастығы Зайнидин Жұмалиев: «Қазақстан тарапы бізге көмір экспорттауды шектеп, соның салдарынан елде көмір бағасы қымбаттап кетті.  дейді. Қазақстандық көмірдің соңғы партиясы 19 қазанда жеткізілген. Қыс-күз маусымы басталғаннан бері көмір әдетте бірнеше күнде бір жеткізіледі. Расында, ресми түрде Қырғызстанға көмір экспорттауды шектеу туралы ешқандай тыйым жоқ. Тиісті органдар шектеуді вагон жетіспеушілігі мен Қазақстанның өзінде де көмір тапшы дегенмен түсіндіреді. Қазір Қазақстанда үш мұнай өңдеу зауытының екеуі жөндеуге жабылған. Бензин тапшы, сондықтан елде көмірге сұраныс артқан. Қырғызстан өзін-өзі көмірмен 60-70 пайызға дейін қамтамасыз ете алады, қалғаны Қазақстаннан жеткізіледі. Дәл қазір Қырғызстанда көмір тапшылығының туындау қаупі жоқ. Бірақ, сөз жоқ, көмір бағасы қымбаттайды. Қазірдің өзінде 15 пайыз өскенін байқап отырмыз. Қырғызстан Қазақстанмен үздіксіз келіссөз жүргізіп жатыр»,— дейді. Қырғызстан экономика министрлігі осыған байланысты мемлекеттің үш ай мерзімге көмір бағасын реттеуді ұсынып, Қазақстанмен шекарадағы жағдайға және көмір экспортттаудың шектелуіне байланысты көмір бағасы қымбаттағанын алға тартады.

(16)