mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Дәрі-дәрмек сатудың жаңа тәртібі

Дәрі бағасын реттеу мәселесі жақында «Нұр Отан» партиясы жанындағы денсаулық бағыты бойынша арнайы комиссияның отырысында сөз болып, онда  «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асу барысы талқыланды. Партия хатшысы Фархад Қуанғанов: «Бұл мәселе аса өзекті және халық бізден қандай да бір оң өзгерісті күтіп отыр. Сала министрлігінің өкілдері дәрі бағасын тұрақтандыру бағытында қолдан келген шаралардың барлығын жасап жатырмыз дейді. Болашақта жанармай, азық-түлік секілді тауарлар қатарында дәрі-дәрмектің де шекті бағасын белгілеу жоспарланған»,— деген ақпармен бөлісті. Комиссия отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой: «Болашақта дәрі-дәрмек дәріханаларда оның өзіндік құнына шамамен 40 пайыздай ғана үстеме қосылып, осы бағамен сатылуы тиіс. Бүгінде кейбір препараттардың зауыттан шыққандағы құнына қосылатын баға 500  пайыздан асып кетеді. Қазір жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Құжатта дәрі-дәрмек бағасын реттеу жайы қарастырылған. Осы арқылы Қазақстан аумағында сатылатын дәрі-дәрмектің шекті бағасын белгілеуді жоспарлап отырмыз. Дәріхана  бизнесін дөңгелеткендер бағаның бақыланбайтынын пайдаланып, әбден еркінсіп кеткен. Өндіруші зауыттардан босатылатын баға мен бөлшек саудадағы бағаны салыстыру арқылы қымбатшылықтың нақты себебін анықтауға ұмтыламыз»,— деп сендірді.

(13)