mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Тәтті өнімдер мен алкогольсіз сусындар қымбаттауы мүмкін

Қазақстанның кондитерлер ассоциациясы мен алкогольсіз сусын өндірушілер қауымдастығының өкілдері: «Еліміздегі тәтті өнімдер мен алкогольсіз сусындар бағасы 30 пайызға қымбаттауы мүмкін. Көрші Ресей мен Беларусь мемлекеттері Ереванда өтетін ЕЭО елдерінің үкімет басшылары жиынына қант импортына тыйым салуға байланысты ұсыныс дайындап жатыр. Егер қабылданса, қымбатшылыққа амалсыз жол береміз. Себебі, одақ аясынан тыс өзге елдерден импортталатын қантқа бізде жеңілдік бар. Мысалға, өткен жылы елімізде 457 мың тонна қант шығарылыпты. Тағы 104 мың тонна қант импортталған. Оның ішінде 23 пайызы Ресейден сатып алынған екен. ҚР кондитерлер қауымдастығының вице-президенті Ерлан Ахметов: «Шетелден алатын жағдайда бізге жеңілдік бар. Сол жеңілдікті жойып, олар өздерінің қантын бізге сатпақшы. Егер шетелден алып келетін қантқа жеңілдікті алып тастайтын болса, онда бізге тиімсіз болады. Сондықтан жаңағы баға қымбаттайды. Біздің баға қымбаттайды, олардың тауарлары арзан болады»,— дейді. Шектеуді көздейтін шарасыз ұсынысқа алкогольді сусын өндірушілері қауымдастығы да алаңдаулы. Өйткені жоғарыда келтірілген құмшекер мөлшерінің 110 мың тоннаға жуығын осы қауымдастық пайдаға жаратады. ҚР алкогольсіз сусындар мен шырындар қауымдастығының атқарушы директоры Әлия Мамытбаева: «Бұл — бәсекелестікті жоятын жол. Мысалға, өткен жылы 79 мың тонна сусын импорттадық, оның ішінде 82 пайызы Ресей мемлекетінен әкелінген сусындар. Өзіміздің өндірген өнімнің 92,8 мың тоннасын экспортқа шығардық. Бірақ, импортталатын сусынның басым бөлігі Ресейден жеткізілетіндіктен, жаңа ұсыныс қабылданса,  олардың бағасы төмен болады да, қымбат бағаға қант алатын біздегі сусын өз құнын ақтау үшін қымбаттатылады. Міне, осы кезде алпауыт Ресей зауыттары өнім құнын еркін ақтайды. Ал біз құрдымға кетуіміз әбден мүмкін»,— деген уәжді алғңа тартады. Осылайша, мәселеге алаңдағандар Үкіметтен отандық өндірушілер құқын қорғауға көмектесуді сұрады.

(13)