mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Жол ережесін бұзған шетелдіктер айыппұл төлемейді

Жол жүру ережесін өрескел бұзатын көрші елдерден келген көліктерге миллиондап айыппұл салынғанымен, олар жазадан құтылып кетіп жайтқанын ашына айтқан депутат Асылбек Смағұлов: «Еліміздің аумағында көршілес елдердің мемлекеттік нөмірімен жүретін автомобиль жүргізушілері жол ережелерін жиі бұзып, жылдамдық өлшейтін құралдарға түсіп қалады. Бірақ олар жазаланбай құтылып кетеді. Мысалы, ШҚО-да бір автомобиль жылдамдық өлшеу құралдарына 22 рет түсіп, оған салынған айыппұлдардың көлемі жарты млн теңгеден асып кетсе де, ешқандай жаза қолданылмаған. Әрине, бұған аталмыш автомобильдердің Ішкі істер органдарының базасында тіркелмегені себеп. Дегенмен айыппұлдар өндірілмей, ал құқық бұзушылар жазаланбай қалғанын айтпағанның өзінде, жолдарымыздағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзі мұң болып отыр»,— дей келіп: «Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Әкімшілік кодекс пен басқа заңдарға көршілес елдердің мемлектеттік нөмірімен жүретін, елімізде жол ережесін жиі бұзатын көліктер Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткен кезде оларға айыппұл төлеу қажеттігі туралы хабарлама беру туралы мүмкіндікті көздейтін өзгерістер енгізуді қажет деп санай ма?»— деген нақты сұрақ қойды. Оның сауалына жауап берген ҚР Ішкі істер вице-министрі Берік Бисенқұлов депутаттың ұсынысына қолдау білдіріп: «Шетелдіктер құқық бұзушылыққа жол берген жағдайда, оларды ел аумағынан шығатын кезде тоқтатуға Шекара қызметіне тиісті өкілеттік беруді ұсынамыз. Сонымен қатар ақпараттық жүйемен интеграциялануға техникалық мүмкіндігіміз бар. Шекара қызметіне құқық бұзушылық бойынша барлық ақпаратты автоматты түрде беруге болады. Бұл ретте шекарада ескерту жасау шараларын ұйымдастыру керек. Сонымен қатар шетелдіктерге әкімшілік айппұлды төлегенге дейін ел аумағынан шығуға заңнамалық түрде тыйым салу мәселесін қарастыруды ұсынамыз», — деді.

(11)