mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

АҚШ: Вашингтон геноцид үшін Мьянмаға санкциялар салмақ

АҚШ билігі Ракхайн штатында «адам құқықтарының бұзылуына» байланысты Мьянмаға қарсы санкциялар енгізуі мүмкін. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті таратқан хабарламада: «Біз жауапкершілікке тарту механизмдерін зерттеп жатырмыз. Ол АҚШ заңнамасы, оның ішінде мақсатты енгізілетін ғаламдық санкцияны Магниттік заң жоба негізінде қарастырамыз. Біз Мьянма үкіметі мен оның қарулы күштері шұғыл түрде елдегі бейбітшілік пен қауіпсіздік сақтау үшін тиісті шараларды жүргізуі қажет деп есептейміз. Сондай-ақ, департамент Мьянма әскерлеріне көмекті шектейді»,— делінген. Естеріңізде болса, осы жылдың тамыз айының соңында «Аракан рохинджаларын құтқару армиясының» (ARSA) бірнеше полиция учаскесі мен әскери базаға шабуыл жасалып, бұл елдегі жағдайды одан әрі ушықтырып жіберген еді. Осы әрекеттің салдарынан Мьянма әскерлері мен буддист еріктілері рохинджа халқын аяусыз қырып, Ракхайн штатындағы ауылдарды өртеп жіберген.

(5)