mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ауылдықтарға алғашқы медициналық көмек қолжетімсіз

Баспасөз-конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпxанова: «Алғашқы медициналық көмек деген өте маңызды. Денсаулық сақтаудағы ең күрделі сала. Осы салада біздің проблемамыз көп. Оны жасырмай өзіміз айта білуіміз қажет. Себебі, проблеманы шешу үшін талқылау керек. Мысалы, ҚР Денсаулық сақтау саласын қаржыландыру аясында қаржының 60%-дайы ауруxаналарға, 40%-дан аз бөлігі алғашқы көмек, яғни амбулаториялық деңгейге кетеді. Дамыған мемлекеттерде керісінше, қаржының жартысынан көбін амбулаториялық емxаналарға жұмсайды, жартысынан аз қаржыны ауруxаналарға жұмсайды. Осындай басқа да xалықаралық ұйымдардың бізге жасаған есептері бойынша алдағы екі-үш жылда денсаулық сақтау бағдарламасы аясында ғана емес, басқа да жобалар аясында біз осындай келеңсіз жағдайларды шешуге тырысамыз. Еліміздің жері үлкен, ал xалық тығыз қоныстанбағандықтан, әсіресе, ауылдық жерде жоғары білікті медициналық қызметкерлер тапшы. Ауылда медициналық көмек көрсету ұйымдары болса да, xалыққа пайдасы шамалы. Қолжетімсіздіктің кесірінен ауыл және шағын қала тұрғындары алғашқы медициналық көмекті алудың орнына қажет болмаса да ауруxаналарға жатуға мәжбүр. Тағы бір себеп – бүгінгі күндегі қаржыландыру жүйесі. Ауруxаналарға неғұрлым көп ауруды жатқызса, соғұрлым бөлінетін қаржы көп болады. Бұл дұрыс емес. Халықаралық сарапшылардың есебі бойынша, неғұрлым алғашқы медициналық көмекті күшейтсек, соғұрлым керегі жоқ ауруxаналық деңгейдегі қызметтерден қолымыз босайды. Жалпы осы жоба аясында алғашқы көмек саласын ғана емес, жүйелі түрде медициналық ұйымдар байланысын жақсарту үшін 140-тан аса шараны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Сосынғы мәселе — кадрлардың жетіспеушілігі. Дамуы ілгері  Астана, Алматы қалаларында кадр проблемасы шешілген. Көптеген жастарымыз медициналық оқу орындарын бітірген соң шалғай, алыстағы, ауылдық мекендерге жұмыс істеуге барғысы келмейді. Әр азамат жұмыс істейтін орнын өзі таңдайды. Қазіргі күні нағыз тапшы кадрларды өзіне шақыру бұрынғыдай медициналық ұйымдардың емес, ауылдық жерлердегі әкімшіліктің қолында.  Еліміздегі медицина саласында неонтолог, анестезиолог және педиатр секілді қызметкерлер тапшы. Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін мемлекеттік білім беру гранттарын медицинада тапшы мамандықтарға бөлу керек»,— деді.

(7)