mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Әуесқой бокс: Әлемдік додаға кімдер жіберілмейді?

Бұл сауалға Қазақстан бокс Федерациясының 2017 жылы атқарған жұмыстардың қорытындысын шығарған кезде жауап берген Қазақстан бокс федерациясының президенті, Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаев: «Қазақстанда жас спортшыларды дайындау жұмысы жоспарлы түрде жүргізілуде. Резерв бар. Біздің ұлттық құрамадағы көшбасшылар үлгі көрсетіп, жоғары деңгейде өнер көрсетуде. Сондай-ақ, төрешілер құрамы да дамуда. Қазақстандық 10 төрешінің 9-ы AIBA-ның жоғары дәрежесіне ие. Біз Қазақстан Бокс федерациясының кубогы жарысын насихаттау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Атқарушы комитет бюросы тарапынан тиісті шешім қабылданған. Кейбір облыс әкімдіктері командаларға қаржы бөлмейді. Алайда атқарушы комитет бюросы тарапынан қандай шешім қабылданғанын айтайын. Қазақстан Бокс федерациясының кубогына қатыспаған командалар, яғни спортшылар әлем чемпионатына жіберілмейді. Сондықтан мен федерация басшыларынан өңірдегі спорт басқармаларының басшыларына осыны жеткізуді сұраймын. Командалар да Қазақстан Бокс федерациясының кубогына қатысуы қажет. Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығында (AIBA) шешілмеген мәселелер бар. Бұл мәселеде Қазақстанның айқын ұстанған өз позициясы бар. Өкінішке қарай, халықаралық бокс қауымдастығы басынан басқару дағдарысын өткізіп жатыр. Бұл бокстан ұлттық құрамалардың барлығына кері әсерін тигізді. AIBA-да президенттер арасындағы текетірес пен уақытша комитет арасындағы құзыреттілікті тоқтату бойынша мәселелер шешілген жоқ. Қазақстан бокс федерациясының аталған мәселеге позициясы өзгеріссіз: біз заңның үстемдігі орнап, ұйымның жарғыны толық орындағанын қалаймыз. Біз барлық дау-дамай алдағы уақытта шешіледі деп үміттенеміз. Қазір AIBA жолайрықта тұр. Біз өз позициямызды ұстандық, әрі оларға AIBA-ның заңды органдарымен жұмыс істейтінімізді айттық», — дей келіп, отандық боксқа ерекше еңбек сіңірген білікті мамандар мен боксшыларды арнайы марапаттады.

(9)