mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Украина: Наразылық неден туындап отыр?

Бірқатар қоғамдық ұйымның белсенділері наразылық акциясын Жоғарғы Рада алдында өткізуде. Олар билікке үш талап қойды: жемқорлыққа қарсы сот құру, депутаттардың қол сұғылмаушылық құқығын алып тастау және сайлау туралы жаңа заң қабылдау. Акцияға бірнеше мың адам қатысуда. Наразылық акциясына бастамашы болғандардың бірі – Одесса облыстық мемлекеттік әкімшіліктің бұрынғы басшысы Михаил Саакашвили. Желі қолданушылары осы жолғы акцияны «үшінші Майдан» деп сипаттап жатыр. Жаппай наразылыққа байланысты құқық қорғау органдары күшейтілген режимге көшті. Ұлттық гвардия мен полиция үкіметтік кварталды қоршауға алды, ал Мариинский саябағына артиллерия қарулары әкелінген. Ал Президент әкімшілігі ақпараттық саясат бас департаментінің басшысы Владимир Горковенко ел астанасындағы күшейтілген қауіпсіздік шаралары, соның ішінде, Украина президенті әкімшілігінің маңындағы бірқатар орталық көшенің жабылуы Мальта басшысы Мари-Луиз Колейро Прекидің Киевке сапарымен байланысты екенін мәлімдеді. Украина билігінің саясатына қарсы наразылық акциясына шыққандар Рада ғимаратының жанында шатырлар орнатты. Украина ұлттық полициясының басшысы Сергей Князев «NewsOne» телеарнасына берген сұхбатында құқық қорғау органдары шатырларға тиіспейтінін мәлімдеді. Бұл ақпаратты бас прокурор Юрий Луценко Facebook-тегі парақшасында растады. Митингке шыққандардың көбі үйлеріне қайтқанмен, акция ұйымдастырушылары өз талаптары орындалғанша, ешқайда кетпейміз деп отыр.

(6)