mm
Халықаралық "Қазақстан Заман" газетінің тілшілер қосыны бастығының орынбасары. ҚР "Ақпарат саласының үздігі"

Аузы күйген халықпыз ғой сынақтан…

Бейбіт аға,
сұхбатыңыз сұрапыл!
Толғаныстың жемісі ғой,
сірә, бұл!
«Оқығанның иті артық» деп,
бабалар,
Айтқан сөздің жаны барын
ұғады ұл!
Ақша десе,
құрақ ұшу қалды ма?
Айтыңызшы,
Қазақстан жарлы ма?
5 жыл бойы
жерді жалға бермейтін
Мораторий
күшін жойып алды ма?
Жер шығыны
кейін өзін ақтай ма?
Жер жыласа,
қазағыма бақ қайда?
Гептил емес,
жанармайдың өзінен
Қара жердің
соры шығып жатпай ма?
Соққы тисе,
табиғат та теңселер,
Бәрі жақсы
дегеніңе кім сенер?!
Қара жер де қарғыс айтар,
Ресей
екі-үш жылдап
сарып кете берсе егер!
Екі-үш жылдың
екі-үш ғасыр жыры бар,
Бірақ мұны кім ұғар?!
Торғай жері жатқан кезде
шырылдап,
Менің-дағы
жағдайым жоқ бұғынар!
Туған небір
Жасық пенен алыпты,
Бұл палигон
Торғай үшін қауіпті!
Әлде үлкен саясаттың
мақсаты
Торғай жақтан
көшіру ме халықты?
Бейбіт аға,
қазақсыз ғой,
таласпан,
Сізге де ортақ
мына дала,
мына аспан!
Неге бізге әлі күнге
үстем тұр?
Айтыңызшы,
қауіп бар ма орыстан?
Аузы күйген халықпыз ғой
сынақтан,
Аз ба бізді еңіреткен,
жылатқан!
Ұр тоқпақтың өткен жоқ па заманы,
Жылы сөзді кім айтады, жұбатқан!

(13)