mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қазақ күресі: Ерлан Минскіде топ жарды

Беларусь Республикасының астанасы Минскте аяқталған қазақ күресінен әлем біріншілігінде қостанайлық балуан Ерлан Омаров топ жарып, алтын медальды еншіледі. Осы жарыстан алған әсері жайлы турнир жеңімпазының өзі: «Әлем біріншілігіне осалдар емес, ылғи «сен тұр, мен атайындар» келетіні белгілі. Әрі бұл жарысқа «ЭКСПО — 2017» турнирінен кейін іле-шала келгендіктен, аталған байрақты бәсекеге қатысу кез келген балуан үшін оңай тимегені анық. Мәселен, мен алғашқы белдесуде-ақ тіземді шығарып алдым. Дегенмен, ел намысын арқалап келген соң, бәріне шыдап, абыроймен күресу керек болды. Жалпы, ауқымды жарыстарда ең алдымен психологиялық ішкі түйсік дайындығы аса қажет. Мен сол сыннан сүрінбей өткен сияқтымын. Алғашқы айналымдарда Польша мен Қытай спортшыларын ұттым. Содан соң тәжірибелі әзірбайжандықпен шықтым. Бұл жолы да бағым жанды. Жартылай финалда латвиялық балуанды жеңдім. Ал ақтық финалда атақты ресейлік балуан, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александр Рослаковпен белдестім. Жарақатыма қарамастан, белдесуді өз пайдама шеше алғандығым өзімнің спорттық мансабымдағы зор табысымның бірі дей аламын. Аллаға шүкір, бәрі абыроймен аяқталды. Турнирдің өзіне келсек, бұл жолғы әлем біріншілігі ерлер арасында 7-рет, әйелдер арасында тұңғыш рет өткізілді. Оны Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы мен Біріккен күрес одағы ұйымдастырды.

(3)